ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ауруханадан шығып, жоғалып кеткен 65 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 27 сәуір күні сағат 12.13-те Деповская көшесінде белгісіз адамның денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Оның 1 сәуір күні ауруханадан шығып, із-түзсіз кеткен 1955 жылғы ер адамның мүрдесі екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ауруханадан шығып кеткен 65 жастағы ер адамның таптырмай жатырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).