Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазір біреуі ғана облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр, оның да жағдайы қанағаттанарлық.
Олардың бәріне де вегетативті-тамырлы дистония деген диагноз қойылған. Яғни балалар ыстықтан әлсіреген. Кеше құлаған бір балаға бас-ми жарақатын алған және миы шайқалған деген алдын ала қойылған диагноз расталмады. Жеті бала амбулаторлық емделуге жіберілген.
Еске сала кетейік, кеше мерекеге дайындық кезінде басы айналған 8 оқушының ауруханаға түскенін жазған болатынбыз. Олардың бәрі де - қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары.
20:00, 05 Мамыр 2018
Оралда ауруханаға түскен 8 баланың жетеуі үйлеріне жіберілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда кеше мерекелік шара кезінде ауруханаға түскен 8 баланың жетеуі үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.