Оралда ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды

None
ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - 27 желтоқсан күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында жыл қорытындыланды.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, өңірдің ауыл шаруа­шылығы саласын дамытуға аумақтық инспекция ұжымының қосқан үлесі мол. Әсіресе, мемлекеттік инспекция қызмет­керлерінің өсім­діктерді қорғау, өсімдік­тер карантині және фитосанитария­лық бақылау бекеттері, асыл тұқымды мал ша­руашылығы бағытындағы жақсы жұмыстарын айтуға болады.

Аумақтық инспекция басшысы Ғарапша Сахипов және бөлім басшылары об­лыстық аумақтық инспекция ұжымының жыл ішінде атқарған жұмыстарының қо­рытындысы және алда тұр­ған міндеттері туралы хабарлама жасады.

Жиын соңында Серік Кен­жебекұлы инспекция­ның бір топ қызметкерлеріне ауыл шаруашылығы саласы респуб­ликалық кәсіпода­ғының «III дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін және ми­нистр­ліктің, облыс әкімді­гінің алғыс хаттары мен дипломдарын табыс етті.