ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін №5 бағытпен жүретін автобусқа кран көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға 6-шағынаудан 51-үй аялдамасы маңында орын алды.
Жедел жәрдем сағат 09.29-да шақырылып, бригада жеті минуттан кейін жеткен.
1992 жылғы қыздың миы шайқалған. 1985 жылғы әйел ішінен жарақат алған. 1982 жылғы әйел басын соққан. Олардың үшеуі де қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, кейін амбулаторлық ем алу үшін үйлеріне жіберілді.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).