ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 14.00-дер шамасында Достық даңғылы бойында оқыс оқиға болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, №35 бағытпен жүретін автобус қарсы шығып қалған көліктен жалтарамын дегенде көп қабатты тұрғын үйдің (Достық даңғылы, 160) қабырғасына барып соғылған. Төрт адам медициналық жәрдем алуға жіберілген. Қатты жарақат алған ешкім жоқ.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Айта кетейік, бұл автобустың қатысуымен болып отырған бірінші жол-көлік оқиғасы емес. Бұдан бұрын да автобустар мен өзге көліктердің соқтығысуы салдарынан көптеген адам жарақат алған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).