Оралда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда №5 бағытпен жүретін автобус адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 08.58-дер шамасында Достық даңғылы бойында, Карев аялдамасы маңында болған.

Бастапқы мәлімет бойынша 2001 жылғы бозбала (жаяу жүргінші) жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, сол жақ маңдайы көгерген.

Оған қоса автобустағы екі жолаушы зардап шеккен. Алдын ала дерекке қарағанда, 1994 жылғы екі қыз жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, біреуінің тізесі де көгерген.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.