ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік 10 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қараша күні кешкісін Әбілқайыр хан даңғылы мен Желаев трассасы арасындағы шағын Нұр көшесінде орын алды.
«Қызды қағып кеткен машина оқиға орнынан бой тасалаған. Қандай автокөлік екендігі белгісіз. Қазіргі кезде оны іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді ҚазАқпарат тілшісіне полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Болатбек Белгібеков.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, «Бәйтерек» шағынауданы Нұр көшесінде болған жол-көлік оқиғасына байланысты жедел жәрдем сағат 20.51-де шақырылды. Бригада 6 минуттан кейін жетті. 2009 жылғы қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткен.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).