ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік аударылып, жолаушы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 25 маусым күні сағат 00.30-да болды.
«Лада Калина» автокөлігінің 1980 жылғы жүргізушісі Атамекен көшесінде келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Сөйтіп автокөліктің аударылуына жол берген.
Соның салдарынан автокөлікте отырған 1987 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда кісі өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).