ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін түске таман Ә.Әйтиев көшесі бойында болды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 11.58-де шақыртылған.
Бригада оқиға орнына 12.03-те жетті. Автокөлік қаққан жасы 50-55-тердегі әйел жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Оған қоса басының төбе тұсынан жарақаттанған әйел облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің екі кісіні қағып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).