Оралда автокөлік бағанға соғылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін «Мазда» автокөлігі бағанға соғылып, бір адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең Ю.Гагарин көшесі бойында №22 мектеп аялдамасы маңында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 05.25-те қоңырау шалынған.

Оқиға салдарынан 1986 жылғы ер адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша ол жабық бас-ми жарақатын алған әрі миы шайқалған. Сондай-ақ сол жақ кәрі жілігі сынған.

Жүргізуші көлікте жалғыз болған.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.