Оралда автокөлік бағанға соғылып, жас жігіт қаза тапты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік бағанға соғылып, жас жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін түнде сағат 02.23 шамасында Еуразия даңғылы бойында "Сити центр" сауда орталығы маңында болған.

1997 жылғы тұрғын жедел жәрден келгенге дейін қаза тапты. Ол автокөлікте жалғыз болған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.