ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмып, полиция қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға кеше түнде «Орал-Самара» жолы бойындағы полиция бекеті маңында орын алды.
«ВАЗ» автокөлігі екі адамды қағып кеткен, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкері жарақат алды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 22.39-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы бес минуттан кейін жеткен. 1983 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. 1990 жылғы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, оның иығы сынған, жабық ми жарақатын алған, жағдайы тұрақты.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың кейін берілетінін жеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).