ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен 10 жасар бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Алматы көшесінде болды.
24 жастағы жүргізуші Volkswagen Vento автокөлігімен келе жатып, жаяу жүргінші жолағында 10 жасар баланы қағып кеткен.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 13.20-да шақырылды. Ер бала миы шайқалды деген күдікпен облыстық балалар ауруханасында жатыр. Сынық жарақаты жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда төрт автокөлік соқтығысып, 4 адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).