ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен ер адамның жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін түнде сағат 00.55-те Подстепныйға барар жолдағы көпірде болды.
«1988 жылғы ер адам қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Ота жасалған, есі әлі кірген жоқ. Жағдайы өте ауыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 26 жастағы жігіттің тоғызыншы қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).