Оралда автокөлік қағып кеткен қария жансақтау бөлімінде жатыр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік қағып кеткен қария жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 қыркүйек күні Сарайшық пен Х.Чурин қиылысында болды.

«Шамамен сағат 16.05-те 20 жасар жүргізуші «ВАЗ-2108» автокөлігімен жаяу жүргінші өткелімен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомсводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, сағат 16.07-де жедел жәрдем шақырылып, 76 жастағы қария облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Жағдайы өте ауыр, жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстағанын жазған болатынбыз.