ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлік қос бірдей жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Оқиға кеше кешкісін Сырым Датұлы көшесі бойындағы көпір маңында болған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, екі адам сағат 22.00-де қалалық көпбейінді ауруханаға түскен. Ер адам қазір сол ауруханада. Ал бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстырылады.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).