ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік мотоцикл мінген адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше шамамен сағат 18.10-да болған.
1977 жылғы жүргізуші «ВАЗ-2110» автокөлігімен Ю.Гагарин көшесінде келе жатып, 1-Құрылыс тұйық көшесі қиылысында «Сузуки» мотоциклімен соқтығысқан.
Соның салдарынан 1992 жылғы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.
Аталған оқиға бойынща ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).