ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 08.03-те БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметіне Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Виктория» қонақүйінің жанындағы жол шетінде «Фольксваген» автокөлігінің өртеніп жатқаны жөнінде мәлімет түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
Департаменттің бас маманы Нұргүл Мұқанованың айтуынша, өрт көп ұзамай сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталуда.
Айта кетейік, мұндай оқиға биыл өңірде бірінші рет тіркеліп отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).