ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында автокөлік пен мотоцикл түйісіп, екі жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 маусым күні шамамен сағат 15.03-те Бәйтерек ауданы Белес ауылы бағытындағы айналма жолда болды.
«Фольксваген Пассат» автокөлігі (жүргізушісі 1959 жылғы ер адам) мен мотоцикл (жүргізушісі 1990 жылы туған) соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында мерт болды.
Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап, мән-жайды анықтап жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көлікпен соқтығысқан мотоциклдің 15 жастағы жүргізушісі мерт болғанын, жедел жәрдем көлігі экскаватормен түйісіп, екі адамның ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).