ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік велосипед мінген баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖдепартаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгінЧагано-Набережная көшесінде орын алды.
Сағат шамамен 16.40-та 1987 жылғы жүргізуші «Лада Ларгус» автокөлігімен белгіленбеген жерден велосипедімен өтіп бара жатқан баланы қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Оныңжасы, кім екендігі анықталу үстінде.
Аталған оқиғабойынша Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
БҚО денсаулықсақтау басқармасы баланың жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кеткендігінжеткізді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).