ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 17 шілде күніЗачаган кентіндегі Жәңгір хан көшесі бойында орын алды.
Куәгерлердіңсөзіне қарағанда, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалықуниверситеті аялдамасы маңында болған оқиға салдарынан студент жарақат алған.Оны жедел жәрдем көлігі алып кетті.
Облыстықденсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованыңайтуынша, жедел жәрдем сағат 17.08-де жеткен. Зардап шеккен жаяу жүргіншіоблыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
Облыстықполиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанынжеткізді.
Ескесала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің велосипед мінген баланы қағыпкеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).