ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 20 маусым күні С. Датұлы көшесі бойында көпірде болды.
— Шамамен сағат 17.30-да 2011 жылғы қыз белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда, оны 1999 жылғы жүргізуші айдаған «Лада Гранта» автокөлігі қағып кеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері қыздың жанын аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Жол апатына байланысты сол тұста көлік кептелісі болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда топ болып жиналған 21 жасөспірімнің полицияға жеткізілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).