ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында автокөлік қағып кеткен жаяу жүргінші мерт болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 19 мамыр күні жүргізуші «ВАЗ 21140» автокөлігімен Сарайшық пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жаяу жүргінші Құрманғазы көшесімен жолдан өтіп бара жатқан. Жол апаты салдарынан ол түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылып, онда есін жимастан қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, 37 жастағы қыз екі күннен кейін ауруханада көз жұмған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да босану кезінде көз жұмған әйелдің күйеуі әділдік күтетінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).