Оралда аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қатты аязға байланысты Орал қаласында 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті мәлім еткеніндей, таңмен сағат 07.00-

де температура тілі 26,9 градусты көрсетті.

Осыған байланысты бірінші ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ тоқтатылды. Бастауыш сынып оқушылары бүгін түске дейін қашықтан білім алады.

Биыл желтоқсан айында осымен Оралда екінші рет аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылғанын жазған болатынбыз.