ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда өз қызын өлтірген деп айып тағылған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орал қаласы мамандандырылған тергеу сотынан түскен мәліметке қарағанда, аталған әйелге ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, екі айға қамауға алынды.
Әйелге бес жасар қызын тұншықтырып өлтірген деген айып тағылуда. Мұны БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі де растады.
Қазіргі кезде осы қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіп жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).