ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйел тік жардан құлап, аяғын сындырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментіжедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованыңайтуынша, оқиға 20 шілде күні Жайық өзені жағалауында, Коминтерн кенті тұсындаорын алды.
1988 жылғы әйелсуға шомылу кезінде тік жардан құлаған. Сол маңда кезекшілікте жүрген еріктілерқұтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына келген№1 жедел құтқару жасағының құтқарушылары биік жардың қасында жатқан әйелдікөрген. Оған бару қиын болғандықтан әрі аяғы сынғандықтан, әйелді қайықпентасымалдауға тура келген. Құтқарушы-медицина қызметкері Ақылбек Сайынов алғашқыжәрдем көрсетіп, қанды тоқтатқан.
Содан кейінқұтқарушылар әйелді жағаға алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Еске сала кетейік,бұдан бұрын Оралда ер адамның шұңқырға құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).