ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйел төсек-орын тазалаймын деп төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 17 шілде күні сағат 10.55-те Х.Доспанова көшесі 58А-мекенжайында болды.
Осындағы №33 пәтерде тұратын 1995 жылғы әйел төсек-орын тазалаймын деп, төртінші қабаттағы терезеден құлаған. Ол бірінші қабатта орналасқан дүкеннің төбесіне түсіп, дене жарақатын алған.
Құтқарушылар жерге түсіргеннен кейін әйел жедел жәрдемге тапсырылды.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).