ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйел жұмысқа орналастырамын деп, 1 млн теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде 1974 жылғы әйелге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.
Ол 40 жасар тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп алдаған. Алаяққа сеніп қалған әйел ақшасын мамыр айында берген. Үш ай өткеннен кейін алданғанын түсінген ол полицияға шағымдануды жөн көрген.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын арзан пәтер уәде еткен әйелдің оралдықтарды 54 млн теңгеге алдағанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).