ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында бүгін таңертең әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желілерде қанға боялған әйел денесінің қарда жатқаны бейнеленген сурет таралған.
Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Бисенов болған оқиғаны растағанымен, әзірге ештеңе айта алмайтынын жеткізді.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).