ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қонаққа барып келгеннен кейін әйелі күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 қаңтар күні сағат 02.00 шамасында ерлі-зайыптының пәтерінде болды.
Оның алдында екеуі туысқандарының үйінен қонақтан келіп, мас күйінде болған. Бір-бірімен сөзге келіп, 36 жастағы әйел күйеуіне пышақ жұмсаған.
Алған жарақаттары салдарынан ер адам көз жұмды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөліміне (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты адам 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).