ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында азамат соғысынан қалған снаряд табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, 18 қараша күні шамамен сағат 15.00-де полицияға қала тұрғынынан үйдің ауласында снарядқа ұқсас зат табылғаны жөнінде хабар түскен. Ол азамат соғысы кезінен қалған диаметрі 76 мм, ұзындығы 25 см снаряд болып шықты.
Барлық қауіпсіздік шаралары қолданыла отырылып, жарылғыш зат жойылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).