ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жарнама қалқанының бағанына соғылып, 20 жастағы жолаушысы қайтыс болған «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі де өте ауыр халде. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«1993 жылғы жүргізуші жабық бас-ми жарақатын алған. Миы шайқалған. Бұғанасы мен жамбасы сынған. Жағдайы өте ауыр. Ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жол апатынан қатты жарақаттанған 20 жастағы қыз өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен еді. Бірден облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Бірақ, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Бүгін таңда көз жұмды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).