ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Бағдат» сауда үйінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні Әбубәкір Кердері көшесі бойында болды.
«Сағат 16.51-де Ә.Кердері көшесі 68-мекенжайында «Бағдат» сауда үйінің 2-қабатында шаруашылық тауарлары жанды. Аумағы 50 шаршы метрді қамтыған өрт сағат 17.35-те оқшауланып, 17.47-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 30 адам, 8 техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 20 тонна киім тиелгене жүк көлігінің тіркемесі жанып кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).