Оралда «Бақытты әйел - қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздары анықталды
Жиында сондай-ақ ақын, Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінің төрайымы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгереева көктем қанатымен ілесе келген мейрам күні әйелдер қауымына көрсетіліп отырған құрметтің мән-маңызы ерекше екендігін жеткізді.
Сонымен, «Бақытты әйел - қоғам айнасы» байқауының қорытындысына сәйкес Теректі ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі Любовь Есқалиева, білім саласында 45 жылдан астам уақыт еңбек еткен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті педагогика факультетінің деканы Баян Жұмақаева, алты баланың анасы Сәбира Еролиева, денсаулық сақтау саласынан дәрігер Татьяна Школьная, «Арба» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлмира Батпақұлова, прокуратура саласының тәжірибелі қызметкері Жанар Нұрмағамбетова, Зеленов ауданы Махамбет ауылынан келген кәсіпкер Жаңылсын Исқақова, журналист, ақын Ұлдай Сариева, қаржыгер Әдия Досанова, ауыл жанашыры Марина Шамшитова, әлеуметтік қызметкер Жұпар Жұбандықова, биші, «Қызғалдақтар» би ансамблінің жетекшісі Райхан Көжекешева, сәулет және құрылыс саласынан Ольга Назарчук түрлі аталымдар бойынша үздік атанды.
БҚО бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Рысбекованың айтуынша, Қазақстанда аталмыш қауымдастық құрамында 15 мыңнан астам мүше бар. Олар өмірдің түрлі саласында жемісті еңбек етуде.