ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда қыркүйектің 14-інде бал арасын қорғаудың дүниежүзілік күніне орай бал жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда батысқазақстандық омарташылар бас қосып, өз өнімдерін көпшілікке ұсынды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ратель» облыстық бал арасын өсірушілер қоғамдық бірлестігі және «Тенториум» бал арасы өнімдері компаниясы аймақтық орталығының жетекшісі Гүлжан Мұхамбетқалиеваның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде облыста омарташылар саны бұрынғыдай көп болмағанымен, аталмыш кәсіппен айналысушылар әлі де баршылық. Орал қаласының аумағында, Деркөл, Плодовощной ауылдарында, сондай-ақ Бөрлі, Теректі, Шыңғырлау аудандарында Сергей Кривобоков, Наиль Мұхитов, Сергей Шевчук сынды майталман омарташылар бар. Олар жылына 15-20 тонна өнім жинайды. Бал құны да қымбат емес, Атырау мен Ақтауда әр киләсі 3,5-4 мыңнан болса, Ақ Жайықта 2 мың теңгеден аспайды.
Бал өнімдері қыркүйектің 18-інде қала күніне орай өткізілетін жәрмеңкеде де сатылмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).