Оралда балабақшадан төрт бала жұқпалы аурулар ауруханасына түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Орал қаласындағы №34 «Балбұлақ» балабақшасынан төрт бүлдіршін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алдымен бір бала өзін жайсыз сезініп, құсқаннан кейін жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Кешкісін сол топтан тағы үш бала аталмыш емдеу мекемесіне жатқызылған. Қазіргі таңда олардың жағдайы қалыпты, біреуі үйіне жіберілді.

Балалардың неден ауырғаны тиісті органдардың зерттеу қорытындыларынан кейін белгілі болмақ.