ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қар құрсауында қалған 24 адам эвакуацияланды, соның 18-і – балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 наурыз күні сағат 20.30-да Новостройка кентінен 4 шақырым жерде Деркөл-Ветелки ауылдық жолында болды.
ТЖ департаментінің күшімен қар құрсауында қалған 2 «ПАЗ» мектеп автобусы мен 7 жеңіл көлік Новостройка кентіне (22 адам, соның 17-сі – балалар) және Подхозға (2 адам, біреуі – бала) жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
БҚО ТЖД қазіргі кезде боранға байланысты республикалық және облыстық жолдар барлық көлік түрлері үшін жабық екендігін хабарлады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).