Оралда балалар театрларының «Балбұлақ-2009» байқауы өткізілді
11:09, 13 Наурыз 2009
ОРАЛ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда балалар театрларының «Балбұлақ-2009» облыстық байқауы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған сайысқа барлығы тоғыз ұжым қатысты. Орыс тілінде сабақ беретін мектептерден келген өнерлі балалар мемлекеттік тілде сынға түсті. Олар негізінен қазақ аңыз-ертегілерін, шығармаларын арқау етті.
Байқау қорытындысында жәнібектік балғындар жеңімпаз атанса, облыстық есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты мен Ақжайық ауданы қалған жүлделі орындарды бөлісті. Түрлі аталымдар бойынша үздік шыққандар да атап өтілді.