ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда жоғалып кеткен екі бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар ауылында болған.
«10 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченко белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен. Ерекше белгілері: М.Федуллев арықша келген, бойы 160-165 см, шашы қара, қой көзді. Н.Харченко да арықша келген, бойы 145-150 см, шашы ашық-сары, қысқа, қой көзді. Оларды көрген адамдар болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласа алады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.
Жасөспірімнің екеуі де 20-мектепте оқиды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда студенттің дене шынықтыру сабағы үстінде қайтыс болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).