ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда 1961 жылы туған тұрғын іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын 16 маусым күні балық аулауға кеткеннен қайта оралмаған.
Құтқарушылар із-түзсіз кеткен азаматты кеше сағат 16.30-дан бері Оралдан 10 шақырым қашықтықтағы қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзенінен іздестіруде. Оған жедел құтқару жасағынан 4 адам, бір техника, бір жүзу құралы қатысуда. Әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда таеквондодан Азия чемпионы жоғалып кеткен болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).