ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда банкомат жанында зейнеткердің ақшасын алып қашқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы Мөлдір Садырғалиеваның айтуынша, оқиға Құрманғазы көшесінде орналасқан банкомат жанында болды.
Белгісіз ер адам күш көрсетіп, зейнеткердің 125 мың теңгесін ашықтан-ашық тонамақ болған.
Жедел кезекші пультіне 1953 жылғы тұрғын хабарласып, белгісіз жас адамның өзіне шабуыл жасап, ақшасын алып, бой тасалағаны жөнінде хабарлаған. Күдіктінің шабуылдаған сәті бейнекамераға түсіп қалған.
Күдікті бірнеше минуттан кейін қолға түсті. Ол Орал қаласының еш жерде жұмыс жасамайтын 1985 жылғы тұрғыны болып шықты.
Күдікті кінәсін мойындады, оған қатысты ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігіне (тонауға әрекеттену) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, Оралда оқ атып, адамды өлтіруге оқталған тұрғынның ұзақ мерзімге сотталғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Оралда пойыз ер адамды қағып кетті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).