ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының қызметтік кабинетінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше болған. Шамамен сағат 21.00-де департаменттің кезекші бөліміне басқарма басшысының орынбасары Хасен Тоясовтың денесі табылғаны жөнінде хабар түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол асылып қалған.
«Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, марқұмның денесін күзетшілер басшының демалатын бөлмесінен тауып алған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).