Оралда белгілі дәрігер-хирург С.Тоқпанов өнер көрсетті
11:20, 10 Қараша 2009
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда белгілі дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпанов Ақ Жайық жұртшылығы алдында концерт қойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
С.Тоқпанов - білікті медицина маманы ғана емес, эстрада әндерін орындаушылардың бүкілодақтық және республикалық байқауларының лауреаты. «Алматы - менің алғашқы махаббатым», «Қарағанды - менің жастық шағымның қаласы» ретро-фестивальдеріне қатысып келеді.
«Өткен жылдардың ұмытылмас әндері» деп аталған кеште Серік Тоқпанов қазақ және орыс тілдерінде өткен ғасырдың орта тұсынан бері жиі айтылған әндерді көпшілік назарына ұсынды.