ОРАЛ. ҚазАқпарат - С.Ғұмаровтың музей-үйінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, қазіргі кезде Атырау қаласында тұратын Жоламан Аралбаевтың «Қыр кенебіндегі тамшылар» атты көрмесі ашылды.
Аталмыш шара белгілі қылқалам шеберінің 70 жылдығына орайластырылды. Бөкей ордасы ауданында дүниеге келген Жоламан Аралбаевтың қабілетін әйгілі график Евгений Сидоркин байқап, оның Алматы көркемсурет училищесіне түсуіне ықпал еткен. Ж.Аралбаев атақты суретші Салахитдин Айтбаевтың шәкірті.
Суретшінің шығармалары 2000 жылдан бастап республикалық көрмелерге қойылып, кеңінен танылды. Оның 12 картинасы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында сақтаулы.
Бұл жолы 15 наурызға дейін тұратын көрмеге Ж.Аралбаевтың «Өткеннің үнсіз куәгері», «Өмір», «Қара суық», «Қазақ жері»» «Күн баласы», «Жазғы жайлаудағы кеш» сынды туындылары қойылған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).