ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда белгісіз біреулер үш бірдей автокөлікке от қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең Мұхит көшесі бойындағы бес қабатты 78/1-үй маңында орын алған.
Сағат 06-33-те «Тойота Королла» автокөлігінің салоны мен артқы бөлігі және «ГАЗель» автокөлігінің артқы бөлігі өртенген. Өрт 06.50-де оқшауланып, 07.05-те ауыздықталған. Жалынды сөндіруге 7 адам, 1 техника жұмылдырылды.
Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себептері, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, тағы бір «ГАЗель» автокөлігін өрттен иесі аман алып қалған. Ал «Тойота Королла» көлігі түгелге жуық жанып кеткен деуге болады.
Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша, қазіргі кезде осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бейнекамераның көмегімен күдіктілер іздестіріліп жатыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).