ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін таңертең ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ер адамның денесі Д.Нұрпейісова көшесі бойындағы «Guest» түнгі клубы мен А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры арасындағы бұталардың ішінен табылған.
Марқұмның денесінде зорлық белгілері болмаған.
БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин қазіргі кезде осы оқиға бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Нақты мәлімет кейін берілетін болады.
Еске сала кетейік, бүгін автокөлік қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).