ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі балаға ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, қазіргі кезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатқан ағайынды екі
баланың жағдайы ауыр.
«Баланың үлкені 6 жаста болса, кішісі 3-те ғана. Біреуінің сол жақ өкпесі, екіншісінің оң жақ бүйрегі жарылған. Кішісі әлі жансақтау бөлімінде», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір үйдің екі баласы бесінші қабат терезесінен құлап кеткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).