ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға 4 шілде күні болды.
Сағат 17.10-да Шаған өзегінде 2003 жылғы жасөспірім судан шықпай қалды. Достарымен бірге жүрген ол жабдықталмаған жерде суға шомылған.
Құтқарушылар марқұмның денесін сағат 20.00-де судан шығарды.
Сол күні 1984 жылғы ер адам сағат 19.30-да Жайық өзеніне батып кетті. Достарымен бірге ішімдік ішкен ол да жабдықталмаған жерде шомылған.
Марқұмның денесі 20.05-те шығарылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).