ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында бір күнде екі кісі өлімі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бірінші оқиға Зачаган кентіндегі Б.Жәнекешев көшесінде болды.
«29 қаңтар күні сағат 01.00-де бірге арақ ішу барысында төбелес болып, пышақ жарақатын алған 1991 жылғы тұрғын оқиға орнында көз жұмды. Кісі өлтіруге күдікті ретінде 1989 және 1981 жылғы тұрғындар ұсталды. Екінші оқиға сағат 16.30-да болды. 1990 жылғы тұрғын үйінде 1982 жылғы азаматтық некедегі әйелімен сөзге келіп, басынан көсеумен әлденеше рет ұрған. Соның салдарынан әйел оқиға орнында жан тапсырды. Екі оқиға бойынша да ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда танысын өлтірген тұрғынның полицияға өзі келгенін жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).