ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше кешкісін Оралдағы «Омега» зауыты маңындағы көпірде бірден алты автокөлік түйісіп қалған.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, қара түсті ВАЗ-2115 автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Опель Вектраны» қағып өтіп, «Лада Приорамен» барып, бетпе-бет соқтығысқан.
Басқа көліктер де түйісуден қашқанымен, құтыла алмаған. Ірі жол-көлік оқиғасынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі басынан жарақат алған.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).